title
stringlengths
1
135
text
stringlengths
200
213k
Республикалық маңызы бар қала
Республикалық маңызы бар қала — Қазақстан Республикасының жоғарғы басқару орындарына тікелей бағынышты (Астана, Байқоңыр) және халқы 1 миллионан астам мегаполис (Алматы, Шымкент) қала. Республикалық маңызы бар қалалар тізімі # Астана # Алматы # Байқоңыр # Шымкент Түсініктемелер
Аман Ғұмырұлы Төлеев
Аман Ғұмырұлы Төлеев (, , туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР – 20 қараша 2023 жыл, Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, тех...
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (9 желтоқсан 1956 жыл, Новобогат, Махамбет ауданы, Гурьев облысы) — қазақстандық саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, 2023—2025 жылдары ҰҚШҰ Бас хатшысы. Тасмағамбетов — философия ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Иманғали Тасмағамбетов 2002–2003 ...
Даниал Кенжетайұлы Ахметов
Даниал Кенжетайұлы Ахметов (15 маусым 1954 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, экономика ғылымдарының докторы (2003). Бұрын Ахметов Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992–1993), Павлодар облысының әкімі (1993–1997), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (1997–1999), премьер-министр орынбасары (1999–2001), Пав...
Орал
Орал (; 1774 жылға дейін - Яицкий қалашығы) — Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Тарихы Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, ...
Құлсары
Құлсары — Қазақстандағы қала, Атырау облысы, Жылыой ауданының және Құлсары қалалық әкімдігінің орталығы. Географиялық орны Облыс орталығы - Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы — 220 км. 1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы. Темір жол стансасы, құбырлар жүйесінің торабы. Қамыскөл көлінің оңтүстік-шығысында орнал...
ӘАНК
ӘАНК (Әкімшілік-Аумақтық Нысандар Классификаторы) — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы (ҚР МК 11-2003) Сыртқы сілтемелер * [http://www.aktau.statbase.kz/class/class_kato.html Әкімшілік-Аумақтық Нысандар Классификаторы] * [https://findhow.org/2210-spravochnik-kato-v-kazahstane.html Әкімшілік-аумақтық н...
Табын
Табын (; — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап,...
Беріш
Беріш — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі. Алшын тайпасының Байұлы рулар бірлестігінен тарайды. Тарихы Кіші жүздің Байұлының ішіндегі адам саны ең көп ру - Беріш. Б.Кеппенің (1851 жыл) мәліметі бойынша Бөкей Ордасының өзінде ғана Беріш руы 3 600 отбасын құраған. (Әр отбасы шамамен 5 адамнан) Орташа есеппен сонда ...
Сарайшық
Сарайшық – ортағасырлық қала, Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші. Бүгінде ол жерде "Сарайшық" сапар орталығы туристтерге қызмет көрсетіп келеді. Орналасқан жері Атырау қаласынан солтүстікке 45 км жерде, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы маңында, ...
UNIX
UNIX (Юникс) — көп амалды, бірнеше қолданушыларға арналған операциялық жүйе. Оны 1970 жылы алғашқы телефонды ойлап тапқан Bell Labs компаниясында Кен Томсон мен Денис Риччи бірлесе жазып шыққан. Ең басында компанияның ішкі қызметтерін қанағаттандыру мақсатында шығарылған. Кейін кең танымалдыққа ие болып Solaris, SunOS,...
Алланың есімдері
Алланың есімдері ( — "Алланың көркем есімдері") — Ислам құдайы Аллаһтың есімдері, Құран мен Сүннет бойынша Аллаһтың 99 есімі бар, Аллаһтың 99 есімі деп те аталады. Негізгі ақпарат Бір тізімге біріктірілген Алла есімінің (сондай-ақ оларды Құдайдың сипаттары деп түсінуге де болады) саны Әбу Һурайрадан жеткізілген сенімді...
Linux
Linux — Linux негізіндегі UNIX-ұқсас операциялық жүйелер отбасы, құрамына GNU жобасының түрлі утилиталары мен бағдарламалары және басқа компоненттері енуі мүмкін. Linux ядросы сияқты, бұл жүйелер де еркін және ашық бағдарламалық қамтамасыз ету ді әзірлеу моделіне сәйкес жасалып, таратылады. Linux жүйелері негізінен тег...
Үйшік
Үйшік — Атырау қаласының лақап атауы. Қызыл балық аулау үшін Жайық өзенінде салынған шарбақтан аталған. Бұл сөздің түпкі негізі учуг. Учуг дегеніміз су астына тартқан решеткалар. Оны сымнан да, жиі талдан да, қамыстан да тоқып, мықтап бекітіп тастайды. Осы учугтар Жайық өзенінде өткен ғасырдың орта кезіне дейін 150 жыл...
Операциялық жүйелер
үлгісі. Ағымдық қалта — C дискісінің түбірі болғанын көрсетеді]] ]] Операциялық жүйе — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск-жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрыл...
Қарбыз
Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақста...
Қауын
Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне тө...
Асқабақ
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma)...
Қасым хан
Қасым хан (1445—1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі. Шешесі Жаған-бегім Ханым Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі....
Мұхаммед Хайдар Дулати
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайда...
Қазақтар
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қы...
Қазақ (этноним)
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі ғасырға жуық уақыт бойы ғалымдар «қазақ» атауының шығу төркінін зерттеп, оның мағынасын ашуға ұмтылып келеді. Алайда бұл атауға қатысты ортақ ғылыми тұжырым әлі де қалыптасқан жоқ. «Қазақ» сөзіне ұқсас терминдер Қазақстаннан шалғай өңірлерде де кездеседі. Ға...
EBay
)]] eBay — желі сауда жүйесі. eBay Inc. (ибэ́й деп айтылады) — интернет-дүкендер мен интернет-аукциондар аумағында өз қызметтерін ұсынатын америкалық компания. eBay.com веб-сайтын, кейбір мемлекеттердегі оның жергілікті нұсқасын және eBay Enterprise компаниясын басқарады. 1995 жылы 4 қыркүйекте Сан-Хоседе (Калифорния ш...
Техас
Техас (, ) — АҚШ-тың оңтүстігіндегі, халық саны және жер көлемі бойынша екінші орындағы штат; құрлық штаттарының арасында ең үлкен жер аумағына ие. Атауы Каддо тіліндегі «Tejas» — “достар” яки “одақтастар” деген сөзге негізделген. Техас Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-орталығында орналасқан, оңтүстігінен Мексикамен...
Этнос
Этнос, этникалық қауымдастық [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқа...
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (орыс: Содружество Независимых Государств, СНГ) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. ТМД ұлттықтан жоғары ұйым болып табылмайды және өз қызметін ерікті негізде, оның мүшелерінің келісімімен жүзеге асырады. Тарихи шолу 1991 ж. желтоқсанның 8-інде ...
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстанның ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 99 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады...
Қазақ әліпбиі
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Ғасырлар бойы қазақ тілінің түрлі әліпбилері болып, тарихи кезеңге байланысты ауысып, жаңартылды. 1929 жылына дейін Қазақс...
1 (айрық)
1 мен бір әртүрлі мағынада қолданылады. Сан немесе жыл есебінде * 1 (сан) * 1 — жыл (БЗ) * 1 (ЗБ — жыл * 1 жж. — онжылдық (БЗ) * 1 жж. ЗБ — онжылдық * 1 ғ. — ғасыр (БЗ) * 1 ғ. ЗБ — ғасыр Атауларда * 1-ый канал — Ресейдегі теледидар арнасы * 1-ші арна Еуразия — Қазақстандағы теледидар арнасы
Қытай тілінің транскрипциясы
Қытай тілінің транскрипциясы — қытай жазуынан (пін-іннан) қазақ әліппесімен транскрипция жасау жүйесі. Негізін архимандрит Палладий (П. И. Кафаров) 19 ғ. аяғында жасаған. Қазақша бір қалыпты немесе ресми жүйе жоқ. Төменгі кестелерде Қытайдағы қазақтар тәжірибесі көрсетілген. (араб жазуы негізіндегі төте жазу бойынша). ...
Сын есім
Сын есім — заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер. Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары: қандай? қай? Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы. Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. # Негізгі сын есімдерге – түбір сы...
Сан есім
Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Сан есім өзі анықтайтын сөздің алдынан келіп, атау тұлғасында т...
Үстеу
Үстеу -заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы. Морфологиялық сипаттары Үстеу сөздері морфологиялық тұлғасына қарай екіге бөлінеді: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер. Ал, құрамына қарай: дара ...
Есімдік
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аң...
Қаңтар
Қаңтар (лат. Januarius) — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 1-ші келетін януар айына сай қазақша атауы. Ежелгі қазақ күнтізбесінің 11-ші айы. Қазіргі санмен қаңтардың 14 — ақпанның 13. Түсініктемелер Тағы қараңыз * Қазақ күнтізбесі * Григориан күнтізбесі
Ақпан
Ақпан — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал айына сай қазақша атауы. Қазақ халқының азаматтық күнтізбесіндегі 12-ай, 30 күндік, қаңтардан соң, наурыздан бұрын келеді. Ақпан аты “Ақ ықпа” (боран) сөзінен шыққан. Ауа райының қатал болатынына қарай ақ басқын мен ақ ықпа екі ағайынды деп те аталған. Ақпан...
Наурыз
Наурыз — Григориан күнтізбесіндегі үшінші айы. Наурызда 31 күн. Солтүстік жарты шарында Наурыз айында көктем басталады. Этимологиясы Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-...
Бесқонақ
Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылы...
Қазақтар диаспорасы
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақта...
Қазақтар (этногенез)
Ежелгі заман Палеолит Қазақ халқының қалыптасуының этникалық тарихы аса күрделi. Қазіргі Қазақстан жерiн әр түрлi тайпалар ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орта және Шығыс, Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш көлі маңынан ұшырасады. Пал...
Етістік
Етістік — заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Мағынасына қарай Салт етістік. Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас. Сабақты етістік...
Одағай
Одағай — сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқанд...
Морфология (лингвистика)
Морфология ( — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөзде...
Синтаксис
Синтаксис ( - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің қалыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім реті...
Қазақ транслитерациясы
Қазақ транслитерациясы — Транслитерация Жүйесі Кирилл латын ҚазАқпарат Латыны 2004 ж. бері "ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігі" шет елдегі қандастарымыздың жаңалықтардан хабардар болуы үшін транслитерация жүйесін енгізген болатын. Ол жүйеде қазақтың кирил әріптері CP1254 (ISO 8859-9) кодтамасындағы түрік әріптер...
Шылау
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен с...
Еліктеу сөз
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: *1) еліктеу есту қабілеті арқылы туындаған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп; *2) еліктеу к...
Зат есім
Зат есім — заттың, құбылыстың және жалқы есімдердің атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды. :Мысалы:құс,...
Сөз табы
Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын атаймыз. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді: * Зат есім (бет, қол) * Сын есім (қызыл, биік) * Сан есім (бір, жүз) * Есімдік (мен, сен) * Етістік (бару, жазу) * Үстеу (тез, таза) *...
Беларусь
Беларусь , ресми аталуы — Беларусь Республикасы ( (кейбір деректерде — Ақресей Республикасы; Беларуссия Республикасы), аббревиатурасы — БР) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жерінің көлемі — 207,6 мың км 2 . Халқы — 9 миллион 451 мың адам. Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады....
Қазақ күнтізбесі
Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы ме...
Астана (велоклуб)
«Астана» велоклубы — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары Liberty Seguros-Würth Team, Würth Team және Astana-Würth Team). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингісі бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр. 25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған ...
Әбдірәхім Шаңбаев
Әбдірәхім Шаңбаев — көрнекті ақын, журналист (1930-1985). Өмірбаяны 1930 ж. Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданындағы Абдыра деген жерде малшы отбасында дүниеге келген. 1937 ж. әкесі оны жаңаша бастауыш мектепке беріп, 1946 ж. дейін орталық мектепте оқыды. 1948 ж. бастап қоғамдық қызметтерге араласады. 1953 ж. Қытай ком...
Кәдірәлі Есболатұлы
Кәдірәлі Есболат ұлы (1932, Күнес ауданы) — ақын. Өмірбаяны * 1944 ж. ауылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, тұрмыс тақсыреті салдарынан оқи алмайды. * 1948 ж. 1951 ж. дейін аудандық орталау мектепте оқып, оқу тауысқан соң сол мектепте оқытушы болады. * 1960 ж. бері ақпарат саласында қызмет істеп келеді. * 1950-ш...
Сәулет Төлегенұлы
Сәулет Төлеген ұлы (1936, Құлжа ауданы) — ақын. Өмірбаяны * 1936 ж. Құлжа ауданында туған. * 1952 жылдан - 1956 жылға дейін Іле білім жұртында оқиды. * Одан соң Құлжа қазақ мектебінде мұғалім болады. * 1960 ж. бастап «Жаңа жазу газеті», «Іле газеті» редакцияларында істейді. * 1980 жж «Іле жастары» журналы, «Іле өрендер...
Қызыр Мамырбекұлы
Қызыр Мамырбекұлы ) (1893 - 1931) — қазақ ақыны Шығармалары * Сәлиха - Сәмен «Сәлиха-Сәмен» әсілінде ғашықтық дастан. 1946 жылы алғаш жарияланатын кезде авторы Әсет Найманбайұлы делініп, арада біраз дау туған екен. Ал оны Қызыр Мамырбекұлы жазған деушілер де көп болған. Авторы кім болса ол болсын, жергілікті халықтың а...
Септік жалғау
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Мысалы: :Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады, :Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады. :Еңбек етіп күшті туған ерлер :Еңбекке ерте тұра бекін буады. :Еңбекте еңбек еткен ерлерім ба...
Күрделі зат есім
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі: #Біріккен зат есімдер, #Қосарланған зат есімдер, #Тіркес (құрама) зат есімдер, #Қысқарған зат есімдер. Біріккен зат есімдер Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфема...
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз. :Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған: :#Қайрат балаларға; :#балаларға Досанмен; :#Досанмен болған; :#болға...
Сөйлем
Сөйлем — біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы. Ол тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қ...
Бастауыш
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді. Бастауыш болатын сөз таптары Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді: #...
Баяндауыш
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауышсыз сөйлем құрылмайды! Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді. Баяндауыш болат...
Анықтауыш
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшенің сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. Ол ирек сызықпен белгіленеді. Анықтауыш болат...
Пысықтауыш
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы?...
Толықтауыш
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап бер...
Жіктік жалғау
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Жалғану жүйесі мен формалары Қазақ тіліндегі ...
Сөз түбірі
Сөз түбірі,Түбір морфема — сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйтқысы болып есептелінеді. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бір де біреуі яки бірнешеуі қосылы...
Исландия
Исландия — Солтүстік Еуропада орналасқан арал ел. Гренландия аралының шығысында және Норвегия мен Норвег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкьявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады. Сөз төркіні Аралдың атауының аудармасы — мұзды жер. Географиясы Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орнал...
Фарер аралдары
Фарер аралдары — Еуропада орналасқан аралды ел. Исландияның шығысында, Норвегияның батысында жайғасқан. Данияға бағынатын автономия. Фарер аралдары — Атлант мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде, Норвег теңізінде орналасқан аралдар тобы. Жалпы ауд. 1,4 мың км² болатын 34 аралдан тұрады, оның 18-іне адамдар қоныстанғ...
Норвегия
Норвегия (, ), ресми атауы — Норвегия Патшалығы (, ) — Еуропада орналасқан ел. Атауы Географиясы Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстем...
Дания
Дания , ресми — Дания Патшалығы — Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан. Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде. Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шы...
Швеция
Швеция , ресми атауы — Швеция Патшалығы — Еуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүсті...
Аланд аралдары
Аланд аралдары ( — Оланд, , Ахвенанмаа - «алабұға елі») — Балтық теңізінде орналысқан архипелаг, Скандинавия елдерінің бірі. Финляндия құрамындағы автономия болып табылады. Халық саны - 28 501 (2012 ж.). Провинцияның жалғыз қаласы әрі астанасы - Мариехамн (11 мың тұрғын 2008 жылы). Ресми тілі - Швед тілі: 91,...
Германия
Германия ( ХФӘ: [ˈdɔʏtʃlant]), ресми атауы – Германия Федеративтік Республикасы , ГФР — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел. Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356,96 мың км². 2...
Швейцария
Швейцария (, , , ), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (, , , ) — Орталық Еуропада орналасқан 26 кантоннан тұратын федеративті мемлекет. Де-юре елордасы жоқ. Елдің де-факто елордасы және әкімшілік орталығы — Берн қаласы. Швейцария батыс, орталық және оңтүстік Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан, мұхитқа шыға алма...
Италия
Италия ( , ресми атауы — Италия Республикасы ) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,3 мың км 2 . Халқы – 59 млн адам. Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италиян тілі. Халқы христиа...
Сан-Марино
Сан-Марино , ресми атауы — Сан-Марино Мәртебелі Республикасы — Eуропада Италияда орналысқан ел. Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 519,9 мың адам (2018). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке...
Етіс
Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтар...
Лихтенштейн
Лихтенштейн кінәздігі — Орталық Еуропада oрналасқан ел. Швейцария аралының шығысында және Аустрияның батысында жайғасқан. Елордасы - Вадус. Шығыста Аустриямен шектеседі, ал батыста Швейцариямен шектеседі, оның аумағы толығымен осы мемлекеттердің аумақтарымен қоршалған. Үкімет нысаны - дуалистік монархия. Жоғарғы сот - ...
Ватикан
Ватикан (, ) — Еуропада орналасқан ел. Ватикан — бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел, католик шіркеуінің орталығы. Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті — католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында орналасқан. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Вати...
Испания
Испания , ресми Испания Патшалығы — Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан ел. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км 2 . Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары м...
Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы (1910—1996) — тілтанушы, филология ғылымдарының докторы (1965), профессор (1968), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Өмірбаяны Арғын тайпасы Қаракесек руы Байбөрі бөлімінен шыққан. Алматы педагогикалық институтын ...
Португалия
Португалия (, [puɾtuˈɣaɫ], миранд Pertual), ресми Португалия Республикасы (, миранд República Pertuesa) — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүс...
Андорра
Андорра , толық ресми атауы — Андорра кінәздігі — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км², халқы — 78,1 мың (2013), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — окситандар, испандықтар, француздар. Ұлттық ...
Рай
Рай категориясы - модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі. Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория. :Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та...
Арай категориясы
Арай категориясы - сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі. Дереккөздер
Облыс орталығы
Облыс орталығы — Қазақстанда облыстың әкімшілігі орналасқан қала. Ағымда барлығы облыс әкімшілігіне бағынады. *Абай облысы— Семей *Ақмола облысы — Көкшетау *Ақтөбе облысы — Ақтөбе *Алматы облысы — Қонаев *Атырау облысы — Атырау *Батыс Қазақстан облысы — Орал *Жамбыл облысы — Тараз *Же...
Байұлы
Байұлы — Алшын тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Алшын тайпасынан тарайды және Кіші жүз құрамына кіреді. Байұлы рулар бірлестігі мен ежелгі байырқу тайпасы арасында еш байланыс жоқ. Ноғай ордасы ыдыраған кезде алшын, алтыауыл, жембойлық ноғайлының басты жұртының бірі тамалармен бірге қазақ хандығыны...
Ислам
- Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаға бірігіп құлшылық етуде]] қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті]] Ислам — әлемдік монотеисттік-авраамдық дін. Христиандықтан кейін дүниеде ең көп ...
Құран
]] Құран немесе Құран Кәрім (, , ) — Ислам дінінің негізгі киелі кітап болып саналады. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп. Бірақ «Құран» сөзінің шығу тегі турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан: Құран ...
Башқұрт тілі
Башқұрт тілі — Башқұртстан Республикасының ресми тілі. Башқұрт халқының ұлттық тілі. Түркі тілдердің қыпшақ-бұлғар тобына жатады. Башқұрт тілі – башқұрттардың ана тілі. Әлемде 1,2 млн башқұрт тілінде сөйлейтін халық бар. Оның ішінде 977484 башқұрт, 131950 татар, 20258 орыс, 6276 чуваш, 3211 марий, 1935 қазақ, 1630 удму...
Тығыз индекс
Тығыз индекс - дерекқорға арналған файл. Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш, сирек индекске қарағанда, дерек файлындағы жазбаға көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазырғы дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main memory) сыймайды. С...
Сирек индекс
Сирек индекс — дерекқорға арналған файл. Бұл файл бірқатар қостан тұрады: кілт пен көрсеткіш. Әрбір кілт пен байланған көрсеткіш сирек индексінде, тығыз индекске қарағанда, дерек файлындағы блокка көрсетеді. Индекстерді қолдану себебі: қазіргі дерекқорлар өте үлкен болғандықтан олар компьютердің бас зердесіне (main mem...
Үшінші қалыпты түр
Үшінші қалыпты түр (; немесе 3NF) дерекқор нормалауында қатынастың барлық кілт емес атрибуттары кандидат кілттерінен тәуелді болуын тексеруіне арналған қалыпты түр (форма) . 3NFтың екінші қалыпты түрінен айырмашылығы: 3NFтың барлық кілт емес атрибуттары кандидат кілттерінен тәуелді болуы шарт. Сондықтан Bill Kent айтуы...
Сырбай Мәуленов
Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Арғын тайпасының Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "...
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов (15 маусым 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер, заңгер, экономист, қаржыгер, банкир. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016—2022), Премьер-министр (2007—2012, 2014—2016), Президент Әкімшілігінің басшысы (2012—2014), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2006). 2022 жыл...
Әкім
Әкім — жергiлiктi атқарушы органды басқаратын, заңнамаға сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi және өзін-өзі басқару функциялары берiлген Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң өкiлi. Ол тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақты...
SDU University
SDU University (ағылш. SDU University) —1996 жылы 17 желтоқсан күні Алматы қаласында ашылды. SDU – оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін оқу орны. SDU University материалдық-техникалық базаны нығайтуға, халықаралық серіктестермен байланыс орнатуға және білікті кадрлар даярлауға қабілетті ауқымды...
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов (26 қараша 1960, Жамбыл облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер, дипломат. 1997—2000 жылдары Әділет министрі және 2005—2009 жылдары Ішкі істер министрі сияқты ірі мемлекеттік лауазымдарды атқарды. 2009—2011 жылдары Сенат депутаты болды. Заң ғылымдарының кандидаты. Өмірбаяны Қожа руынан шы...
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев (19 қазан 1956, Қарағанды) — Қазақстан саясаткері, дипломат, 2022 жылдан бастап ҚХП төрағасы. Бұдан бұрын ол Қазақстанның Беларусьтегі (2017–2019) және Грузиядағы (2013–2017) елшісі болған. Қысқаша өмірбаяны 1956 ж. қарашаның 19-ында туған. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. Қарағанд...